Электромобильдерді зарядтау станциялары жаңғыртылды

Қазақстанда электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға және көлік саласына экологиялық таза технологияларды енгізуге үлес қосатын «Деректерді беру хаттамаларын енгізу негізінде электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын жаңғырту» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Заманауи технологиялық шешімдерді енгізу арқылы зарядтау станцияларының жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған жобаны Ғылым қорының қолдауымен «Adele Energy Qazaqstan» ЖШС жүзеге асырады. Жобаның мақсаты – алдыңғы қатарлы деректер алмасу технологиялары мен мониторинг жүйелерін қолдану арқылы электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын жаңғырту және жетілдіру.
Жобаның электромобильдің BMS жүйесімен деректер алмасу; серверге деректерді жіберу (LTE, Wi-Fi, Ethernet); бағдарламалық жасақтаманы қашықтан жаңарту; кернеуді бақылау (Айнымалы ток, 3 фаза); токты бақылау (8 арна); ағып кеткен токты бақылау (4 арна); құрылғы корпусының температурасын бақылау; авариялық жағдайларды мониторинг жасау артықшылықтары бар.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 16 зарядтау станциясы орнатылып, олардың 14-і Астанада, 2-і Алматыда орналасқан.