Қоғам

«Отбасы берекесі» кітабының таныстырылымы өтеді

26 ақпан, сағат 16:00-де Ұлттық академиялық кітапханада  белгілі қоғам қайраткері, қазақтың рухани анасы Оразкүл Асанғазықызының жаңа еңбегі – «Отбасы берекесі» кітабының таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ұлттық дәстүр мен рухани жаңғыруды дәріптейтін автор  өмірлік тәжірибесіне негіздеп, қазақ отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы, жастарға отбасы құрудың жауапкершілігі мен құндылығы жайлы,                     ата-ана мен ұрпақ арасындағы сабақтастық, сондай-ақ отбасылық берекені сақтау мәселелерін жан-жақты қарастырады.

Кеш барысында кітаптан таңдалған үзінділер оқылып, автордың ой-пікірі мен ұсынысы тыңдармандармен пікір алмасу арқылы талқыланады. Шараның басты мақсаты – «Отан – отбасыдан басталатындығын» ескеріп, келешек ұрпаққа берік отбасы құруды түсіндіру, отбасы институтын құрудың маңыздылығын жеткізу.

Шаңырағының шаттығы мен отбасының берекесін ойлаған барша қауымды, отбасын құруды жоспарлап жүрген жастарды, салиқалы ұрпақ тәрбиелегісі келетін жұртшылықты шараға шақырамыз.

Кітап «Қазына» баспасынан 3 мың данамен шығып, оқырманға жол тартты! Жанұя жарастығын жұртшылыққа насихаттайтын мағыналы шараның куәгері болғыңыз келсе, тұсаукесерге келіңіз!

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button