Ел тынысы

Елордалық этномәдени орталықтардың өкілдері бас қосты

ҚХА-ның 30 жылдығына орай елордадағы Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы – қазақстандық бірліктің бірегей үлгісі» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Дөңгелек үстел басына елордалық этномәдени орталықтардың өкілдері мен арнайы шақырылған қонақтар атқарылған жоспарлар мен өзекті мәселелерді талқылады.

Шараны «Родный кут» Қазақстан Республикасы Беларусь мәдени орталықтары қауымдастығы ұйымдастырды. Астаналық ҚХА «Радима» мәдени орталығы қонақтарды белорус әдебиетімен таныстырды.

«Біздің «Радима» мәдени орталығының кітапханасы түрлі қызықты кітаптарға толы. Біз қонақтарымызға Беларусь мәдениеті мен тілін көрсеткіміз келді. Сондықтан мұнда Қазақстан мен Беларусь достастығына арналған кітаптарды, Абай Құнанбайұлы мен ақын Анатолий Лисичкиннің аударма кітаптарын көруге болады. Осыған дейін екі өлең кітабы жарық көрген. Барлық кітап белорус тілінде. Бұл елдеріміз арасындағы бірлік пен достық қарым-қатынастың жемісі екенін ерекше атап өткім келеді», – деді «Радима» мәдени орталығы төрағасының орынбасары Надежда Солдатова.

Ауған соғысының ардагері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері Сәрсенхан Әзімбайұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі бірлікті нығайтудағы маңызды рөліне тоқталды.

«ҚХА Қазақстан үшін маңызды рөл атқарады. Ол қарым-қатынасты нығайта отырып, этностар арасында бірлікті арттырады. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр, біз бір отбасы іспеттіміз. Президент қойған барлық міндетті бірге шешеміз», – деп қосты ол.

«Жастар ассамблеясы» төрағасы Тимур Джумурбаев кейбір жобаларды тізіп, ҚХА-дағы жастардың рөліне тоқталды.

«Ассамблеядағы жастар жобалары қазір жалпы жұмыстың үлкен бөлігін орындап жатыр. Біз Ассамблея алаңына келіп, ҚХА жобаларына қатысатын жастардың толықтай қатысуы және әлеуметтік өсу үшін барлық жағдайдың болуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Айта кетерлігі, жастар нашақорлықтың, ойынға тәуелділіктің алдын алу және ақпараттық кеңістіктегі жобаларға белсенді түрде қатысуда», – дейді Джумурбаев.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button