Қоғам
Игерілмеген жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Орал қаласында 2019 жылы автокешен салу үшін үш жыл мерзімге акционерлік қоғамға берілген 1,6 гектар жер учаскесі пайдаланылмағаны анықталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Батыс Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Орал қаласының Жер қатынастары бөлімінің хаты негізінде тексеру жүргізді. Нәтижесінде, Орал-Атырау автожолы бойында орналасқан учаскеде ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізілмегені белгілі болды. Осыған байланысты акционерлік қоғамға бір жыл ішінде заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Алайда белгіленген мерзім өткеніне қарамастан, талаптар орындалмады. Нәтижесінде уәкілетті орган қабылдаған шаралар негізінде акционерлік қоғам жерді өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарды.