Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша салалық кеңес құрылады

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі салалық кеңесті құруды қолға алды. Бастама әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бизнестің қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесуге бағытталады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Әлеуметтік кәсіпкерлік халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамту, білім беру бастамаларын дамыту және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту сияқты маңызды қоғамдық мәселелерді шешудің тиімді құралына айналуда. Осы бағыттағы салалық кеңесті қалыптастыру бірнеше бағыттарды қамтиды. Олардың қатарында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін әзірлеу және енгізу, осы салада бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпкерлер, сарапшылар және мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру, сәтті әлеуметтік бастамалар мен жобаларды ілгерілету бар.
Кеңестің басты міндеттерінің бірі – әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыруға арналған стратегиялық шешімдерді әзірлеу, сондай-ақ оның дамуына ықпал ететін құқықтық негізді қалыптастыру. Кәсіпкерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына жаңа жұмыс орындарын ұсынады, осы топтар өндірген өнімді жүзеге асырады, осы санаттарды қолдауға бағытталған тауарлар мен қызметтер шығарады, білім беру, мәдени және ағартушылық бастамаларға қатысады.
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту– тұрақты болашаққа қадам. Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы осы бағыттағы белсенді жұмысын жалғастырып, кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасап, әлеуметтік бағыттағы бизнесті дамытуға ықпал ететін болады.