Мәдениет

Ескендірдің ескірмейтін әндері мен романстары

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» Мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 8 наурыз күні сағат 18.00-де Қаз КСР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиевтің туғанына 85 жыл толуына арналған концерт өткізеді.

Ән және романстар кеші екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде рояль және аспапты ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалатын әндер мен романстар ұсынылады. Концерттің екінші бөлімінде Е. Хасанғалиевтің әйгілі әндері бэнд пен камералық ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады. Атап айтқанда, «Атамекен», «Сағындым сені», «Әдемі-ау», «Гүлсезім», «Бозторғайым», «Айлы түн», «Жапырақтар жайқалады» және басқа да туындылар шырқалады.

Композитор шығармашылығы қазақ музыка тарихындағы тұтас дәуірді қамтиды. Оның жазған әндері елдің мәдени мұрасының бір бөлігіне айналып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленді.

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ, Салтанат Ахметова, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Азат Мәлік, халықаралық конкурстардың лауреаттары Ибрахим Амин мен Нұрсұлтан Әнуарбек, Талғат Аллабиринов және Нұрсезім Саматқызы қатысады. «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Дина Мирманова фортепианомен сүйемелдейді.

Концерт ерекше форматта өтеді. Конақтарға сахна төрінен кешті тамашалауға мүмкіндік беріледі. Бұл формат арқылы көрермендер әр әнші өнерін тереңірек сезіне алады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button