Құқық

Прокурорлар 800 инвестордың құқығын қорғады

ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Ризат Смағұлов ОКҚ алаңындағы дөңгелек үстел барысында атапөткендей, олардың ел экономикасына қосқан үлесі 12 трлн теңгеден асады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Біз жазаның бұлтартпаушылық принципін қатаң ұстанамыз. Инвестордыңқұқықтарын бұзудың әрбір фактісі бойынша кінәлілердің жауапкершілігі туралы мәселе түбегейлі қойылады. Жалпы, прокурорлар инвесторларды қорғау мәселелері бойынша 220 қадағалау актісін енгізді, мемлекеттік органдардың 60 актісінің күші жойылды, 140 лауазымды тұлға жазаланды», – деді спикер.

Бүгінде прокурорлық сүйемелдеумен 42 трлн теңгеге 900 жоба жүзеге асырылуда. Бас прокуратураның бастамасы бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру үшін инвесторларды қолдаудың жаңа тетіктері әзірленді. Олардың ішінде «жасыл дәліз» шарттарының жеңілдетілген жүйесі, инвестициялық процестердің ашықтығын
қамтамасыз ететін цифрлық инвестициялық платформа, инвесторларды мемлекеттік органдардың заңсыз шешімдерінен және негізсіз тексерулерден қорғауға арналған «прокурорлық сүзгі» жобасы бар.

«Прокурорлар 700-ден астам шешімді келісуден бас тартты, оның ішінде инвесторларға қатысты 310 тексеру мен 250 әкімшілік іс жүргізудің жолын кесті. Осы жылдың 20 қаңтарынан бастап бірде-бір мемлекеттік орган прокурордың келісімінсіз инвесторға қатысты тексеру тағайындау, әкімшілік жауаптылыққа тарту, оның қызметін тоқтату, лицензияны кері қайтарып алу, келісімшарттарды бұзу және талап қою шараларын қолдана алмайды. Бүгінгі таңда облыстық және республикалық пулдың барлық инвестициялық жобалары прокурорлық сүзуден өтуде», – деді Ризат Смағұлов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button