Қоғам

Қазақстанда халық саны 20 159 707 адамға жетті

Ұлттық статистика бюросы халық саны бойынша жаңартылған дерек жариялады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 573 637 адам, ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам.

Жарты жылдың ішінде халық саны 125 867 адамға артты, оның ішінде табиғи өсім есебінен 118 579 адамға, көші-қон есебінен 7289 адамға өсті.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Шымкент қалаларында, тиісінше 2,93% бен 1,38%, сондай-ақ Алматы қаласында тіркелді – 1,33%

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button