Қоғам

Құшағын жая қарсы алды

– Қазақстанға осыдан 10 жыл бұрын Жапония­дан келдім. Құшақ жая қарсы алған достарымның ұлттық қонақжайлылық дәстүрі және оның ұрпақтан ұрпаққа бе­рі­ліп келетіні ұна­ды. Осы елге деген қызығушылығым бұрынғы орнымда кездестірген қазақстандық жігіттің әңгімесінен кейін оянды.

Ол маған сіздердің елдеріңіздің керемет театрлары туралы айтып берді. Ақпаратты зерттеп, сайттар мен Instagram желісін қарағанымда мұнда репертуары тамаша, дайындық деңгейі жоғары және би стилі өзіме келетін театр­лардың жұмыс істеп тұрғаны ұнады. Өзімді әртіс ретінде өсіретін әрі дамыта алатын ортада еңбек еткім келді, сондықтан мен үшін өзімнің талпыныстарыма сай келетін театрды табу маңызды болды. Қазір осындай дарынды ұжымда еңбек етіп жүргеніме бақыттымын. «Астана Операда» үздік әртістер қызмет етеді, осы орайда театрдың одан әрі гүлдене беруін тілеймін. Әсіресе Алтынай Асылмұратованың басшылығымен жұмыс істеу мүмкіндігі үшін тағдырға ризамын, себебі мұндай құрмет кез келген жанға беріле бермейді. Сондай-ақ әріптестерім мен олардың отбасыларына денсаулық, табыс пен бақыт тілеймін. Қазақстанға бірден бауыр басып кеттім. Мұнда алғаш келгенімде сондай өзгеше сезімде болдым. Қазақстан – Азияға да, Батысқа да ұқсамайтын мемлекет, ал Астана – күш-жігері тасыған жас қала. Мұнда жастар көп екенін, айналада құрылыс қарқынды жүріп жатқанын байқадым. Қаланың болашағы зор деген сезім туды. Бірақ ең бастысы, оның тұрғындары еді, олар өте бауырмал, ақкөңіл және тез тіл табысады.

Мадока ЯНО, «Астана Опера» балет труппасының әртісі

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button