Әлеумет

«Баланың бақытты мекені – отбасы»

Астанада «Баланың бақытты мекені – отбасы» тақырыбында Ұлттық бала асырап алу агенттігі ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу туралы ақпарат беріп, пікір алмасу.

«Кәсіби қабылдаушы ата-анаға үміткерлер баланы отбасына қабылдамас бұрын терең психологиялық диагностикадан өтеді. Біз үміткерлер мен олардың жақын туыстарына психологиялық талдау жүргіземіз, сондай-ақ наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есебі мен соттылығының болмауын тексереміз. Сонымен қатар, қамқоршылық органдары алдын ала ескертусіз кәсіби қабылдаушы отбасыларға баруға құқылы болады», – деп толықтырды Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Дәстүрлі қабылдаушы отбасыдан айырмашылығы, кәсіби қабылдаушы ата-аналар өз рөлін кәсіби негізде орындайды, сонымен қатар терең психологиялық дайындықтан, оқытудан және сертификаттаудан өтеді. Жүйе мұндай отбасыларды мемлекет тарапынан қаржыландыруды және қолдауды көздейді.

Жаңашылдыққа сәйкес, мұндай ата-аналар бір адамға 15 шаршы метр жеке тұрғын үйі бар 30 жастан 63 жасқа дейінгі қазақстандықтар бола алады. Әр ата-анаға ай сайын тәрбиешінің қызметі үшін 70 АЕК және баланы асырауға 10 АЕК төленеді.

Алдын ала отбасымен келісімшарт жасалып, баланы тәрбиелеу шарттары жазылады. Алты айда бір рет ата-аналар қамқоршылық органдарына денсаулық, бала тәрбиесі және қаражат жұмсау туралы есеп береді. Қамқоршылық органдары алдын ала ескертусіз кәсіби қабылдаушы отбасыларға баруға құқылы.

Іс-шараның нәтижесінде мемлекеттік органдарға Кәсіби қабылдаушы отбасы институтының маңыздылығы мен мәні егжей-тегжейлі баяндалды.

Айта кетейік, қазақстандық бизнесмендердің жобасы болып саналатын «Ана Үйі» ҚҚ 12 жылдан астам уақыт бойы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жыл сайын балалар үйіне түсетін балалар санын азайту мақсатында өз қызметін жүзеге асырып келе жатыр. Ұлттық бала асырап алу агенттігінің миссиясы – қазақстандық қоғамда бала асырап алу мәдениетін дамыту, қабылдаушы отбасыларды сүйемелдеу және кәсіби даярлау.

Қазақстанның 20 қаласында балалар үйлері мен сәби үйлерінен балаларды өз отбасыларына қабылдағысы келетін азаматтарға (отбасыларға) мамандар кеңес беретін консультациялық кабинеттер жұмыс істейді. Психологтар Қабылдаушы ата-аналар мектептерінде әлеуетті асырап алушыларды дайындайды. Бүгінгі таңда Ұлттық бала асырап алу агенттігінің көмегімен 1318 қазақстандық отбасына 1966 бала орналастырылды. Барлығы 18112 азаматқа кеңес берілді, олардың 6048-і Қабылдаушы ата-аналар мектебінен өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button