Қоғам

«Странджа кубогында» 5 медаль жеңіп алды

Болгарияның София қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында 76-шы халықаралық «Странджа кубогы» турнирі өз мәресіне жетті. Биылғы бәсекеге 22 елден 143 ер және 79 әйел былғары қолғап шебері қатысып, үздіктерді анықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ауқымы кең болғандықтан «кіші әлем чемпионаты» атанып кеткен жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жерлестеріміз бір алтын және төрт күміс медаль жеңіп алды.

Алтын медаль: Ләззат Күнгейбаева (81+ кг). Күміс медаль: Тимур Нұрсейітов (75 кг), Нұрбек Оралбай (86 кг), Айбек Оралбай (+92 кг), Римма Волосенко (60 кг).

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button