Қоғам

Алаяқтарға аударылған ақшаны қалай қайтаруға болады

Алматы қаласының прокуратурасы дропперлерден келтірілген залалды қалай өтеуге болатыны жөнінде нұсқаулық жариялаған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Дроппер» — бұл алаяқтар ақша алу үшін пайдаланатын адам. Әдетте, банк шоттары, карточкалар арқылы аударым жасалады немесе ұрланған қаражат қолма-қол ақшаға айналады.

— Өндіріп алудың мұндай мүмкіндігі негізсіз байыту кезінде қаражат пен мүлікті қайтару міндетін көздейтін Азаматтық кодексінің 953-бабымен регламенттелген, — делінген Алматы қаласының прокуратурасы хабарламасында.

Наурызбай аудандық сотының шешімімен жәбірленушінің «дропперлерден» 3 миллион теңге мөлшерінде залал сомасын өндіріп алу туралы талабы қанағаттандырылды.

Талап арыз беру үшін мынадай құжаттар қажет:

— қылмыстық істі СДТБ-не енгізу туралы баянаттың көшірмесі;

— жәбірленушіні тану туралы қаулының көшірмесі;

— банктен адамның шотына ақша қаражатын аудару туралы жауап;

— шотына ақшалай қаражат түскен адамнан жауап алу («дропперлер»).

Егер сіз интернет-алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, қосымша сұрақтар бойынша прокуратура органдарына жүгінуге құқығыңыз бар. Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды мұқият болуға және өздерінің банктік карталарының деректері мен кіру кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырады, – делінген хабарламада.

Айта кетелік былтыр «дропперлерден» 1 млрд теңге өндіріп алынған еді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button