Ел тынысы

Қазақстанның 5 мың км-ге жуық теміржолы жаңғыртылады

Биыл еліміздің 5 мың шақырым теміржолында құрылыс және жөндеу жұмыстары өтеді. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтып берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Министрдің айтуынша, 2400 шақырым үшін қаржы көздері анықталды, қалған 2600 шақырым Президенттің Трансқазақстандық теміржол дәлізін дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде жоспарланған.

− Осыған байланысты, бірқатар жаңа жоба жүзеге асырылады: «Қызылжар — Мойынты» жаңа теміржол желісі салынады, екіжолақты «вставка» мен қабылдау-жөнелту жолдарын салу арқылы «Алтынкөл — Жетіген» және «Бейнеу — Маңғыстау» учаскелері жаңғыртылады, − деді Марат Қарабаев бүгінгі Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, «Қызылжар — Сексеуіл», «Шалқар — Бейнеу», «Қандыағаш — Тобыл», «Әлімбет — Никельтау» және «Ақсу — Дегелең — Жаңа-Семей» учаскелерінде заманауи реттеу жүйелері енгізіледі.

Еліміздің 53 теміржол вокзалдары реконструкцияланады.

Бұған дейін Көлік министрі Қазақстандағы жолдар құрылысында отандық компанияларға артықшылық берілетінін айтқан еді.

Сондай-ақ, биыл «Жезқазған-Қарағанды», «Ақтөбе-Ұлғайсын», «Атырау-Доссор» жаңа жолдарының құрылысы басталады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button