Қоғам

Мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елордада 7, 8 және 9 наурыз күндері мерекелік қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жәрмеңкеге Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан өнімдерін, табиғи шырындарды, консервілерді және т.б. сатып ала алады.

Сондай-ақ, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай жәрмеңкеде гүлдер де сатылады.

Іс-шара 7, 8 және 9 наурыз күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін Нұрғис Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Көктал» сауда ойын-сауық орталығында өтеді.16919:08

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button