Құқық

ІІМ үздік мерген әйелдерді анықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР ІІМ-нің 38 әйел қызметкері ату даярлығынан жарысқа қатысып, шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының әйел қызметкерлері мергендік шеберліктерін сынады. “Алатау” спорт кешенінің тирінде ұйымдастырылған бұл сайысқа 19 бөлімшеден 38 қызметкер қатысты. Олар нысананы дәл көздеуімен қатар, Мерген кодексін жетік меңгергенін дәлелдеді. Жарысты Ішкі істер министрлігі “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамымен бірлесіп ұйымдастырды.

Жарыс кезеңдері:

Бірінші кезең – нысанаға 8 рет ату.

Екінші кезең – жылдамдыққа ату: 20 секунд ішінде 5 рет оқ ату.

Жарыс нәтижелері: — Бірінші кезеңнің үздік мергені – Қаржымен қамтамасыз ету департаменті басқарма бастығының орынбасары Меруерт Бекмурзаева. — Екінші және үшінші орын – ҚАЖК аға инспекторы Анастасия Фомина және бас криминалист Татьяна Сергеева. Екінші кезеңде ең үздік атанған – ҚАЖК аға инспекторы Зиля Досанова. Жүлделі орын иегерлері – аға жедел уәкіл Айнұр Мырзаханова мен Кадр саясаты департаментінің аға инспекторы Анель Байғазинова. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. ІІМ өкілдері атыс дайындығы құқық қорғау органдарындағы қызметтік-қолданбалы спорттың маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Табельдік қаруды меңгеру және дағдарыс жағдайында жедел әрекет ету қабілеті азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей ықпал етеді. Айта кетейік, биыл ақпан айында ІІМ арнайы бөлімшелерінен құралған әйелдер командасы Дубайда өткен беделді халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, әйелдер командалары арасында екінші орын иеленді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button