Мәдениет

300 бала жүгірді

Елордада демалыс күндері «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында 16 жасқа дейінгі балалар арасында жаппай жүгіру өтті. Жарыс Ботаникалық бақта өтіп, оған 16 жасқа дейінгі 300-ге жуық бала қатысты. Олар 1300 метрден астам қашықтықты бағындырды.

 

«Тек балалар мен жасөспірімдер қатысты, бірақ бізді қолдаған ересектер де болды. Өзім осындай жарыстарға үнемі қатысып тұрамын, ұйымдастырушылар әдеттегідей қолдарынан келгеннің бәрін жасады: көңілді атмосфера жасап, соңында барлық қатысушыны қуантты» деп өз әсерімен бөлісті астаналық Асылжан Алмат.

Жарыс нашақорлықпен күресудің кешенді жоспары аясында өтті.

«Біз өскелең ұрпақты спорт мәдениетіне баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында осындай шараларды өткізіп келеміз. Балаларға жақсы үлгі көрсетуге және оларға маңызды іс-шара ұйымдастыруға тырысамыз. Жыл басынан бері біз осындай 80-ге жуық профилактикалық іс-шара жүргіздік және бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отырмыз» деді елордалық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызы.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға естелік медальдар табыс етілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button