LRT-ның алғашқы дайын стансасы көрсетілді

CTS көлік компаниясы Астана халықаралық әуежайы маңында Қабанбай батыр даңғылы бойында орналасқан LRT стансаларының бірін көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 101 жобалық атауымен белгілі стансасында әрлендіру жұмыстарының барлығы аяқталды. Сондай-ақ металл конструкциялар монтаждалып (497,51 тонна), сырты арнайы материалдармен қапталды (4 765 м²).
LRT-ның болашақ стансасы эскалаторлармен, лифттермен жолаушылар үшін ыңғайлы интерактивті экрандармен жабдықталған.
LRT желісі жердегі (11 станса) және жерүсті (жеті станса) болып бөлінетін екі деңгейлі залдары мен платформалары бар 18 стансадан тұрады.
Компанияның баспасөз қызметі Сығанақ (екі станса), Қалдыаяқов (төрт станса) көшелерінде және «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданында (бір станса) орналасқан стансаларды жол ортасына қарай орналасуы ерекшелендіріп тұрғанын жеткізді. Оларға жету қауіпсіз болуы үшін жеті стансаның әрқайсысына екіден жерүсті өткелдерін салу қарастырылған.
Стансалардың барлығын 2025 жылдың соңына дейін салу жоспарланған және оған кіретіндер:
Нысанның айналасын монтаждау,
жерүсті өткелдерін салу,
ішкі әрлеу жұмыстары,
жақын аймақты көгеріштендіру,
Осыған дейін LRT құрылысына алғашқы рельс төселгені туралы жаздық.
Сондай-ақ елордаға LRT пойыздары қашан жеткізілетіні хабарланды.