Әлеумет

Жыл басынан бері 56 мың бала дүниеге келді

Бүгін Қазақстанда Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) қызметкерлері күні аталып өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Осы мерекеге орай елордада өткен жиында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев 50 және 25 жылдай бірге тұрып келе жатқан жұптарға мекеменің елтаңбалы мөрі қойылған неке куәлігін табыстады.

– АХАТ қызметкерлерінің жұмысы – қоғам үшін аса маңызды. Мәселен, 2024 жылы 125 544 неке тіркеліп, 388 032 сәбиге туу туралы куәлік берілді. Ал жыл басынан бері 16 023 неке мен 56 629 туу тіркелді. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ бөлімдері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қарамағына берілгеін айта кеткен жөн», – деді Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, ел бойынша АХАТ жүйесінде 825 қызметкер еңбек етеді.

Осыған дейін Ұлттық статистика бюросы өткен жылдың демографиялық жағдайы туралы статистикалық мәліметтер жариялады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button