Халықаралық жастар күніне орай қаладағы саябақ тазартылды
Астана қаласы Президенттік саябақ «Амфитеатр» аумағында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Республикалық студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза Сенбі» экологиялық акциясы өтті.
Халқаралық жастар күніне орай ұйымдастырлып отырған бұл акцияның басты мақсаты қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және тазалықты сақтау. Әрі саябақтағы ағаштарға су құйып, экологиялық ортаны абаттандыру.
Аталған акцияға «Жасыл Ел» жобасы жастары және қала жастары болып, жалпы 100 ден астам адам қатысты.
–Бүгін қала аумағындағы ең үлкен саябақтардың бірін тазалауға атсалысқалы келіп тұрмын. Бұл мен үшін бір жағынан жұмыс болса, екінші жағынан өз қаламызды тазартуға деген оң қадам деп есептеймін. Қаладағы тазалық мәдениетін сақтау әр адамның өзінен басталады. Әркім өзінің қолындағы қоқысын, арнайы қоқыс жәшіктеріне тастаса экологиялық ортамыздың ластанбауына қосқан үлесі болмақ. Сондықтан да өзім сияқты жастарды тазалық сақтауға, өзі тұрған аумағын күл-қоқстан тазартып тұруға үндегім келеді. Өйткені қала да, дала да, табиғатта, ауа да барлық адамға ортақ қазына,–дейді акция қатысушысы Айсұлтан Қосманов.
Еске салайық, биыл «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының XX еңбек маусымы басталғалы бері жоба аясында елорда бойынша 4200-ден астам 14 пен – 35 жас аралығында жастар жұмыспен қамтамасыз етіліп, олар қаламыздың құрылыс нысандарына, қала маңындағы «жасыл белдеуде», әлеуметтік нысандарды, жалпы білім беретін мекемелер аумағында, қала саябақтарына, көгалдандыру жұмыстарына атсалысты.
Шапағат ӘБДІР