Астанада жүк көлігі баланы қағып кетті

Елордада баланы көлік қағып кетуі оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
— Бейсекбаев көшесімен келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Кенесары көшесінің қиылысында бұрылу кезінде, бағдаршамда белгіленген жолақтан жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Жаяу жүргінші бағдаршамның рұқсат етілген белгісі жанған кезде өтіп бара жатқан. Алған жарақатының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалады, — делінген Полиция департаменті мәліметінде.
Баланы қағып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында Алынған жарақаттар салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда.
Осы оқиға бойынша Астананың денсаулық сақтау басқармасы оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері барғанын нақтылады. Тиісті көмекке қарамастан, бала көз жұмған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ақпан айының аяғында Астанада өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам қаза болды.