Ел тынысы

Нәзік жандарды ерекше әдіспен құттықтады

Астанадағы С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының оқушылары Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мектеп оқушылары тізіліп, аналарын, ұстаздарын, барша қыз-келіншектерді мерекелік әндерімен құттықтады. Құттықтауға барлығы 250 бала қатысты.

Олар өздерінің шығармашылық қабілетін көрсетіп, нәзікжандыларға шексіз құрмет білдірді. Олар әйелдердің қоғамдағы маңыздылығын, олардың жанқиярлық еңбегін, отбасындағы, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі орасан зор маңызын ән арқылы жеткізді.

«Осындай іс-шаралар оқушылардың бойына мейірім мен алғыс сезімін ұялатады. Жастардың жарқын болашағы осындай құндылықтарға байланысты және бұл мереке қоғамның белсенді және қамқор мүшелерін қалыптастыруға көмектеседі», – деп атап өтті шара ұйымдастырушылары.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button