Қоғам

Елорданың тазалығы сенімді жандардың қолында

Астананың коммуналдық қызметі күн сайын қалада тазалық пен тәртіпті қадағалап, тоқтаусыз жауған қарды жедел күреп, тәулік бойы ауысымды режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлері жыл бойы елорданың тазалығына бар күш-жігерін салып жатыр. Бұл іске серіктестіктің қолмен күреу бөлімінің бригадирі Елена Умрихина да өз үлесін қосып жүр.

«Мамандығым мені тек шыңдай түседі. Біз өзімізге жүктелетін жауапкершілікті білеміз, өйткені біз қаланы таза етуге үлес қосамыз», – дейді ол.

Елена Астанаға 2009 жылы Қарағанды облысынан көшіп келген. Сол жылы елордада «Астана Тазалық» ЖШС жол жөндеушісі болып жұмысқа орналасқан. Еңбектегі жетістіктері үшін 2023 жылы 19 адам қол астында бригадир болып тағайындалды.

«Күнделікті жұмыс кестем – таңғы 6-дан күндізгі 3-ке дейін. Менің міндетіме аумақты қолмен тазалау, сол сияқты қарамағымдағы қызметкерлерге жұмысын бөліп беру және оның орындалу сапасын бақылау кіреді. Ауа райы да әсер етеді, бірақ соның өзінде тапсырманы барынша орындауға тырысамыз», – дейді Елена Умрихина.

Оның айтуынша, жұмысы мен тату ұжымы оған қуаныш сыйлайды. Ал таңғы астананың сұлулығы сөзбен айтып жеткізгісіз, ерекше ғанибет.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button