Қоғам

«Анаңа қоңырау шал» атты ерекше челленджді бастады

«Астана-Теплотранзит» АҚ қызметкерлері Халықаралық әйелдер күніне орай «Анаңа қоңырау шал» атты ерекше челленджді бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Акция аясында компания қызметкерлері аналарына телефон соғып, келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, оларға деген махаббаты мен алғыстарын білдірді.

«Осы өміріме шүкір, мен сені қатты жақсы көремін», «Осындай ұл өсіргеніңізге рахмет!», «Мың алғыс», «Бар болғаныңызға рақмет» деп аналарын жылы лебізімен құттықтады.

Челлендждің мақсаты – әйелдердің қоғамдағы маңыздылығын көрсету, олардың күнделікті еңбектері мен түрлі салаларда, оның ішінде экономика мен еңбектегі жетістіктерін атап өту және әйелдерді қолдау мәселесіне назар аудару.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button