Елорданы тасқын су басу қаупі жоқ

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров Астанадағы қорғаныс бөгетін жөндеу жұмыстарының аяқталмауына байланысты туындаған алаңдауды жоққа шығарды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Еске сала кетсек, бұған дейін AMANAT партиясының мүшелері елордадағы қорғаныс бөгетін қайта құрудың ұзаққа созылғанына назар аударған болатын. Олардың айтуынша, жұмыстың уақтылы аяқталмауынан қаланы тасқын су басуы мүмкін.
Осы жағдайға түсініктеме берген Су ресурстары және ирригация вице-министрі су басу қаупі жоқ екенін айтып отыр.
— Астана тұрғындарына ешқандай қауіп жоқ, көктемгі су тасқыны кезеңі министрліктің тұрақты бақылауында. Қазір контрреттеуші бойынша жұмыс жүргізілуде, ол тасқын суды қабылдап, қала арқылы қауіпсіз өткізуге дайын. Сондықтан ешқандай алаңдаушылыққа, көшуге негіз жоқ, — деп сендірді Нұрлан Алдамжаров БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Айта кетейік, ақпанның аяғында Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Астана маңындағы ауылдық жерлерді су тасқынынан қорғау шараларын тексерген еді.
Сонымен қатар вице-премьер Қанат Бозымбаев Қарағанды облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын қарап шықты.