Елордалық спортшылар ерекше челлендж бастады

Елордалық спортшылар нәзікжандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ерекше челлендж бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Астаналық спортшылар аналарына алғыс білдірген құттықтауларын видеоға түсірді.
«Ана – әрбіріміздің өміріміздегі алғашқы және ең маңызды тәлімгер. Оның сүйіспеншілігі, қамқорлығы және қолдауы әрқашан сезіліп, қиындықтарды жеңуге көмектесіп қана қоймай, бізді алға жетелейді», – деді спортшылар анасына.
Олар барлығын #Рақметана #СпасибоМаме челленджіне қосылуға шақырды.
Челленджді қолдағандардың қатарында бокстан халықаралық турнирлердің чемпионы Әли Тоқтаров, кикбоксингтен спорт шебері Данияр Шымыров, қазақ күресінен спорт шебері Айбат Сейтен, дзюдодан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Ермұхан Естай, көркем жүзуден спортшы Эдуард Ким, сол сияқты хоккейшілер, тай боксшылары мен өзге де спортшылар бар.