Әлеумет

Медаль жеңіп алған спортшылармен кездесті

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Азия ойындарында медаль жеңіп алған спортшылармен кездескені туралы жазды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Харбин-2025 IX Қысқы Азия ойындарында медаль жеңіп алған спортшыларымызбен кездестім. Біздің елордалық командамыз спорттың 5 түрінен сынға түсті. Олар – шайбалы хоккей, шорт-трек, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау және керлинг.

Кешенді жарыста елорда құрамасының спортшылары 6 медаль жеңіп алды: екі алтын медаль, үш күміс және бір қола.

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында 5000 метрлік эстафетада жеңіске жетті! Осылайша олар елімізге алғашқы тарихи алтын медаль сыйлады! Чемпиондық команда құрамында Астанадан аттанған үш спортшы – Әділ Ғалиахметов, Айбек Насен және Абзал Әжіғалиев өнер көрсеткені біз үшін ерекше мақтаныш.

Спортшылармен және жаттықтырушылармен бірлесіп, алдағы жұмыстарды талқыладық. Өз тарапымыздан көмек көрсетуді ары қарай да жалғастырамыз. Спортшыларға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін!» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button