Uncategorized
Астанада 100-ге жуық көлік апаты болды

Астанада таңертеңнен бері 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
— Таңертеңнен бері елордада 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Полиция департаменті жүргізушілерге барынша сақ болуын ескертеді, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ ведомство жүргізушілерге мына жайларға мән беруде ескертеді:
— Жеке көлікпен шыққанда ауа райына байланысты жарияланған ескертулерді бір қарап алған жөн (қар, бұрқасын, көктайғақ және т. б.);
— Шұғыл бұрылмау керек және алдыда келе жатқан көлікпен арақашықтықты әдеттегіден бір жарым, екі еседей алыс ұстаған жөн.
Қазіргі сәтте Астанадан шығатын барлық автожолдар жабық тұр.
Айта кетейік, Астанада қар күреуге 1 600-ден астам арнайы техника шығарылды.