Қазақстан шахталарында қандай компаниялар кен өндіреді

Еліміздегі ең терең шахта ұңғымасы 820 метрді құрайды. Бұл ұңғымалар «Қазақстан» мен «Тентек» шахталарында орналасқан, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Аталған көмір өндіретін нысандар Қарағанды облысында жұмыс істеп тұрған 11 шатханың қатарына кіреді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұсынған дерекке сәйкес, жер астынан көмір қазумен үш кәсіпорын айналысады:
– «QarMet» АҚ — 8 шахта;
– «СТС 1» ЖШС — 2 шахта;
– «Рапид» фирмасы» ЖШС — 1 шахта.
Еліміздегі ең бірінші көмір шахталары – «QarMet» АҚ Көмір департаментіне тиесілі «Абай» мен «Костенко». Аталған шахталар 1952 жылдан игеріле бастады.
Өнеркәсіп министрлігі еліміздің аумағында жұмыс істеп тұрған өзге де шахталар мен кеніштердің өзекті тізімін ұсынды. Құжатта хром, темір, мыс, құрамында алтын мен полиметалл кендері бар пайдалы қатты қазбаларды өндірумен айналысатын кәсіпорындар көрсетілген.
Хром кенін «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ пен «Восход-Oriel» ЖШС 7 кеніш пен шахтада өндіреді:
• «Молодежная»;
• Шахта құрылысы цехы;
• Тау-кен көлігі цехы;
• Жөндеу цехы-1;
• Жөндеу цехы-3;
• Автоматтандыру цехы;
• «Восход».
Темір кенін «Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру өндірістік бірлестігі» АҚ пен «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС 3 кеніш пен шахтада өндіреді:
– «Соколов»;
Техникалық жабдықтарды жөндеу басқармасы;
«Көктем-Аралшы».
Мыс кенін «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС 11 кеніш пен шахтада өндіреді:
«Көктем-Аралшы»;
«Шығыс Жезқазған»;
«Оңтүстік Жезқазған»;
«Батыс Жезқазған»;
«Жомарт»;
«Жыланды»;
«Нұрқазған»;
«Ақбастау»;
«Абыз»;
«Саяқ»;
«Шатыркөл».
Құрамында алтын бар кенді «AltynEx» АҚ, «Майқайың алтын» АҚ, Baurgold компаниясы, «Форпост» ЖШС, «Шығыстүстімет» ЖШС, «ФИК Алел» АҚ, «Байлюсты-Алтын» ЖШС кәсіпорындары 13 кеніш пен шахтада өндіреді:
– «Ақбақай»;
– «Ақсу»
– Бестөбе»
– «Жолымбет»
– «Юбилейное»
– «Майқайың»
• «Секисовка»
• «Үшшоқы»
• «Артемьевская»
• «Орловская»
• «Ертіс»
• «Суздаль»
• «№ 19 шахта»
Полиметалл кенін «Қазмырыш» ЖШС мен «Nova Цинк» ЖШС 6 кеніш пен шахтада өндіреді:
• «Малеевский»
• «Риддер-Сокольный»
• «Тишинский»
• «Долинное»
• «Казцинк-Шахтострой»
• «Ақжал»
Өнеркәсіп министрлігінің атап өтуінше, еңбекті қорғау мәселесі министрлік, салалық кәсіподақтар және жұмыс беруші арасындағы әлеуметтік серіктестік туралы салалық келісім арқылы реттеледі. Аталған келісім аясында қауіпсіздік жөніндегі өндірістік кеңес, сонымен қатар техникалық инспектор жұмыс істейді.
– Өнеркәсіптік қауіпсіздік үшін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті жүзеге асырады, – делінген ведомствоның ресми сауалға берілген жауабында.
Бұған дейін «Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталғанын жазған едік.