Елорда тынысы

Париж-2024: Тоғызыншы жарыс күнінің нәтижесі қандай?

Олимпиаданың тоғызыншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бокс

Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында Кристиан Хавьер Пиналесті (Доминикан) жеңіп, финалға жолдама алды. Төрешілер есебі: 3-2.

Жеңіл атлетика

Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Олимпиаданың финалына жолдама алды. Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші – 9:16.46 секунд. Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді.

Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруде өз тобында мәреге 7-ші болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 23.57 секунд.

Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгірудің жартылай финалына шыға алмады. Оның уақыт көрсеткіші – 13.88 секунд.

Дэйзи Джепкемей 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде мәреге 9-шы болып жетті.

Стенд ату

Әсем Орынбай скит бағдарламасының іріктеу қорытындысы бойынша 116 ұпай жинап, 18-орынға тұрақтады.

Нысана көздеу

Никита Чирюкин іріктеуде 583 ұпай жинап, 10-орынға жайғасты. Өкінішке қарай финалдық сайысқа шыға алмады.

Енді бүгін спорттың 3 түрінен 5 спортшы бақ сынайды (стенд ату, жеңіл атлетика, грек-рим күресі).

Скит микс (А. Орынбай/Э. Ещенко) сынында стенд атуда медальдар ойналады.

Қалған 2 спорт түрінде іріктеу кезеңі жүріп жатыр.
Осылайша, 5 тамызда Қазақстан спорттың 1 түрі бойынша 1 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Стенд ату
12: 00 Іріктеу кезеңі. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скитте жұп микс өнер көрсетеді.

18: 00 Финал.

Жеңіл атлетика
15: 50 Іріктеу кезеңі.  Ольга Сафронова (200 м) жұбаныш жарысына қатысады.

23:45 Жартылай финал.

Грек-рим күресі
18: 00 60 кг салмақ дәрежесіндегі Айдос Сұлтанғали, 130 кг салмақ дәрежесінде Әлімжан Сыздықов өнер көрсетеді.

00: 00 Жартылай финал.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button