Құқық

Әркім өз құқығын қорғау қажет

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті функционалдық міндеттерін қолданыстағы заңнамаға, Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Департаменттің басты мақсаты – мемлекеттік қызмет заңнамасының сақталуын бақылау, жеке және заңды тұлғалар тарапынан түскен өтініштерді қарау, заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету.

Осы орайда, жергілікті атқарушы органда мемлекеттік қызметке конкурстық негізде қабылдау барысында бұзушылыққа жол берілгендігі анықталды.

Арызды қарау барысында, конкурстық комиссиямен құжаттар топтамасының толық болғанына қарамастан конкурстың әңгімелесу кезеңіне жіберілмегендігі анықталды.

Департаментпен жедел әрекет ету барысында конкурстың әңгімелесу кезеңі қайта өткізіліп конкурсқа қатысушының құқықтары қалпына келтірілді.

Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдармен ел азаматтары құқықтары мен бостандықтары қорғалатынын еске саламыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button