Қоғам

Астанада ШОБ 520 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр

Қазіргі уақытта шағын және орта бизнес елорданың жалпы өңірлік өнімінің үштен екісінен астамын қалыптастырып, 521,5 мың адамды жұмыспен қамтып отыр, бұл – қаланың экономикалық белсенді халқының 70%-ын құрайды. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Спикердің айтуынша, өткен жылы ШОБ субъектілерінің саны 8,5%-ға өсіп, 250,5 мыңға жетті.

«Мемлекеттік қолдау «Біртұтас кешенді бағдарлама» аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, несиелерді ішінара кепілдендіру және мемлекеттік гранттар беру арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, «Астана Бизнес» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарлама бойынша 2,5 млрд теңгеге кемінде 45 субъектіге қолдау көрсетіледі.

Елордада әлеуметтік кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Қалада 835 кәсіпкердің 175-і әлеуметтік кәсіпкер ретінде тіркелген, бұл – республика бойынша ең жоғары үлес. Негізгі бағыттары: мектепке дейінгі білім беру, ерекше балаларды оңалтуға арналған түзету орталықтары», – дейді Халел Әкімжанов.

Өнеркәсіптің негізгі дамуы №1 индустриялық парк аумағында жүзеге асуда. Бүгінде мұндағы инвестициялық портфель 133 жобаны қамтиды. 72 жоба іске қосылып, 5,8 мың тұрақты жұмыс орны ашылды, оның ішінде 2024 жылы – 13 кәсіпорын (737 жұмыс орны). 61 жоба іске асырылу кезеңінде, алдағы 2 жылда пайдалануға беріледі», – дейді басқарма басшысы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button