Қоғам

Бас қалада AgriTek / FarmTek Astana 2025 басталды

Астанада AgriTek/FarmTek Astana 2025 ауыл шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологиялардың халықаралық көрмесі өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ауқымды іс-шара 20-шы рет өткізілуде. Көрме ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, U. S. Department of Commerce Certified Trade Fair, Қазақстан фермерлер қауымдастығының, Қазақстан құс өсірушілер Одағының, United States Department of Agriculture ресми қолдауымен өтуде.
Оған қатысу үшін 15 елден, соның ішінде Австрия, Беларусь, Германия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Ресей, АҚШ, Түркия, Украинадан 200-ден астам экспонент тіркелді.

Көрменің тақырыбына өсімдік шаруашылығы да, мал шаруашылығы да кіреді.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникасы, жылыжайлар мен оранжереялар, биоэнергетика, тұқымдар мен көшеттер, топыраққа тыңайтқыштар мен қоспалар, ұн тарту жабдықтары, мал өсіру саласындағы технологиялар мен инновациялар, инкубациялық жабдықтар, жем-шөп пен қоспалар, ветеринариялық технологиялар, мал шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу, мал азығын өндіру технологиялары, аквамәдениет және т. б.

Сондай-ақ көрмеге қатысушылар мен келушілер үшін ауыл шаруашылығының түрлі бағыттары бойынша іскерлік бағдарлама дайындалды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button