Қоғам
Мектептер мен колледждерде антибуллингтік бағдарлама енгізілмек

Қазақстанда буллингпен күрес шеңберінде 110 мектепте «KiVa» бағдарламасы пилоттық түрде жүзеге асырылуда, сондай-ақ «ДОСБОЛLiKe» отандық буллингке қарсы бағдарлама әзірленді. Пилоттық жоба 50 мектепте ұйымдастырылуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «ДОСБОЛLiKe» антибуллингтік бағдарламасын барлық мектептер мен колледждерде енгізу жоспарланып отыр», – деді ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Спикер мектептердегі балалардың буллинг әрекеттері үшін олардың ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік күшейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ мектептердегі психологиялық қызметтер мен мектепішілік есепке алудың бірыңғай қағидалары қабылданды.
«Бүгінгі таңда 82% есепке алынған балалар проактивті түрде қосымша біліммен қамтылған. Зардап шеккен балаларға жедел көмек көрсетуге мүмкіндік беретін ведомствоаралық жедел әрекет ету алгоритмдері қолданысқа енгізілді», – деді оқу-ағарту вице-министрі.