Қоғам

Астанада эстетикалық топтық гимнастикадан халықаралық турнир өтеді

Астанада 12-13 сәуір аралығында эстетикалық топтық гимнастикадан «Astana Alan Cup» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарыстың ұйымдастырушылары – Халықаралық эстетикалық топтық гимнастика федерациясы (IFAGG), қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика федерациясы, Астана қаласының эстетикалық топтық гимнастика федерациясы және Алан гимнастика академиясы.

Жарыс Beeline Arena ұлттық теннис орталығында өтеді.

Оларға Армения, Қырғызстан, Малайзия, Ресей және Қазақстан командалары қатысады.

Әртүрлі жас санаттары бойынша ұзақ, аралас және қысқа бағдарламаларда 15 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстанның намысын мына командалар қорғайды:
Ересектер: Alan-Senior (Астана), Alan-Legenda (Астана), Favorite-Matrix (Өскемен);
Жасөспірімдер: Alan-Junior (Астана), Alan-Tomiris (Астана), Izumrud-Korkem (Астана), сондай-ақ балалар командалары.

Халықаралық турнирдің ашылу салтанаты 12 сәуір күні сағат 12:00-де өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button