Қоғам

Батуттық гимнастикадан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Астанада батуттық гимнастикадан жастар арасындағы көпсайыс және жеке жаттығулар бойынша Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 170 спортшы қатысып жатыр. 2004-2016 жылдары туған гимнастшылар жас санаттарына қарай бақ сынасып, өз шеберліктерін көрсетеді.

Жарыстың ашылу рәсіміне Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев, Спортты дамыту дирекциясы басшысының орынбасары Азамат Хамзин, Олимпиадалық резерв дайындау орталығының басшысы Данияр Төлегенов, Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Қуат Тілегенов, Жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы Думан Әлімов қатысты.

Чемпионаттың қорытындысы еліміздің батуттық гимнастикасының даму бағытын айқындап, ұлттық құрама үшін жаңа таланттарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жарыста көзге түскен үздік спортшылар болашақта Қазақстан атынан халықаралық ареналарда өнер көрсетуі мүмкін.

Чемпионат 16 наурызға дейін елордадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button