Қазақстан-Өзбекстан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кездесуі өтті
Астанада екі елдің ауыл шаруашылығы министрлік өкілдері мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы басқармалары мен салалық қауымдастықтар басшыларының қатысуымен қазақстандық және өзбек кәсіпкерлерінің кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларда ауыл шаруашылығы дақылдарын бірлесіп өсіру және теріні қайта өңдеу бағыты бойынша іске асыру мүмкіндігін талқылау болды.
Кездесу барысында тараптар өздерінің бизнес ұсыныстарымен және бастамаларымен алмасып, ықтимал ынтымақтастықтың тетіктері мен шарттарын талқылады.
Кездесу қорытындысы екі елдің кәсіпкерлері арасында B2B форматындағы келіссөздер аясында жалғасып, өзбек кәсіпкерлерінің қазақстандық шаруашылықтарға барып танысуы туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.