Азаматтың құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің қабылдаған тексеру іс-шараларының нәтижесінде астаналық тұрғынның мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйді жекешелендіру мүмкіндігіне алып келді.
Атап айтқанда, департамент ағымдағы жылдың ақпанында «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тартуға қатысты қызмет алушының шағымын қарады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 12.08.2021 ж. №437 бұйрығымен бекітілген қағидалармен айқындалған және 3 кезеңнен тұрады. Бірінші және екінші кезеңдер – тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі.
Осылайша, Астана қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қорының тұрғын үй комиссиясы шешім қабылдау кезінде қызмет алушының ұсынылған құжаттары мен мәліметтері, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптары толығымен зерделенбегені анықталды. Соның салдарынан қызмет алушы департаментке шағымдануға мәжбүр болған.
Бұл ретте департаменттің анықталған бұзушылықтарды жою және қызмет алушының бұзылған құқығын қалпына келтіру туралы ұсынымы негізінде тұрғын үй комиссиясымен өтініш берушінің тұрғын үйді жекешелендіру бойынша өтініші қайта қаралып, жекешелендіру шарты жасалды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Астана қаласы бойынша департаменті