Елорда тынысы

Көліктер мен адам қозғалысына шектеу енгізілмек

Мемлекеттік күзет қызметі осы аптада сәрсенбіден бастап сенбіге дейін көліктер мен адам қозғалысына  ішінара шектеу енгізбек деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Қоғамдық-саяси шараларды өткізуге байланысты, а.ж. 7 және 10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелерінде, негізінен «Есіл» (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғ., Достық, Керей-Жәнібек хандары к-рі.), «Нұра» (Тұран, Ұлы Дала даңғ.) және «Алматы» (Тәуелсіздік даңғ., Ж.Нәжімеденов, Қ.Аманжолов к-рі.) аудандарында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Дайындық аясында а.ж. 3 тамызында бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді.

Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай ақ ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді.

Осыған байланысты, астананың тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамас ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеміз», — делінген хабарламада.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button