Ел тынысы

Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Астана қаласындағы Beeline Arena спорт сарайында таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Бұл жарыста 2011-2013 жылдары туған 814 жас спортшы 20 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Олардың қатарында Астана қаласының 26 спортшысы да бақ сынауда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аталған чемпионаттың қорытындысы бойынша Фуджейрада өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама жасақталып, жолдамалар үлестіріледі.

Айта кетерлігі, биыл ел біріншілігі алғаш рет салмақ дәрежелері бойынша өтуде. Бұған дейін спортшылар бой ұзындығына қарай сынға түсетін.

Қазақстан чемпионаты 14 наурызға дейін Beeline Arena спорт сарайында жалғасады. Көрермендер үшін кіру тегін.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button