Қоғам

«Ата салтым – асыл қазынам»

Елордадағы «Толқын» спорт кешенінде Наурыз мейрамына арналған «Ата салтым – асыл қазынам» атты ауқымды спорттық-мәдени іс-шара өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Елордада алғаш рет өткен байқауды қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Жарысқа Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты №3 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резервінің спорт мектебі қатысты.

Іс-шараның ең басты ерекшелігі – алғашқы алыс сапарға шыққан салт аттының құрметіне арналған «Тоқымқағар» дәстүрінің жаңғыртылуы болды.

«Наурыз мерекесін жалпыұлттық деңгейде жан-жақты және жүйелі ұйымдастыруға арналған арнайы тұжырымдамаға сәйкес, «Наурызнама» онкүндігі аясында бүгін мектебіміз өз үлесін қосты. Сайыс барысында арқан тарту, гір көтеру, қазақша күрес, асық ату сынды дәстүрлі ойындар ұйымдастырылды. Ал байқаудың ең қызықты сәті – «Тоқымқағар» дәстүрі болды. Бұл дәстүр аясында біз мектебіміздің спортшысын жарысқа шығарып салып, үлкендерден бата алдық» – деді №3 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резервінің спорт мектебінің басшысы Мұхамед – Рахим Ибраев.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, сайыс ұйымдар арасында ұлттық әдет-ғұрыптарды насихаттауға, сондай-ақ ұжымдардағы бірлік рухын нығайтуға ықпал етуді көздейді. Іс-шараға арнайы қонақтар да шақырылды. Олар қазақ халқының бай мұрасымен танысып, ұлттық ойындарды тамашалап, дәстүрлі рәсімдерге қатысты.

Жалпы сайыс 19 қарашаға дейін жалғасады. Одан кейін қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалап, қорытынды шығарады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button