Қоғам
Педагогтерді аттестаттау процесі автоматтандырылуда

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасын кезең-кезеңімен енгізу басталды. Бұл платформа аттестаттау процесін автоматтандыруға және оны ашық әрі әділ етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қазіргі уақытта платформада «педагог-модератор» және «педагог-эксперт» біліктілік санаттарын алу немесе растау үшін үміткер педагогтерді аттестаттаудың бірінші кезеңі өтуде.
2025 жылы платформа арқылы 150 мыңнан астам қазақстандық педагог аттестаттаудан өтеді деп күтілуде.