І Республикалық «Серпер» ұлттық өнер байқауы өтеді

18-19 сәуір күндері Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы алғаш рет І Республикалық «Серпер» ұлттық өнер байқауын өткізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс-шараны өткізудің мақсаты – ұлттық мәдениет пен өнердің үздік дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту және дамыту, қазақ халқының бай мәдени музыкалық мұрасын насихаттау, қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, жастарды патриоттық тәрбиелеу, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу.
Аталмыш байқау 6 номинация бойынша жүргізіледі: «Домбыра», «Қобыз», «Прима қобыз», «Шертер», «Жетіген», «Сыбызғы».
Байқау 2 кезеңнен тұрады: I кезең (іріктеу) – 2025 жылғы 26-28 наурыз аралығында онлайн форматта; ІІ кезең «Домбыра», «Қобыз», «Сыбызғы» номинациялары бойынша – 2025 жылғы 18 сәуір күні офлайн форматта; ІІ кезең«Прима қобыз», «Шертер», «Жетіген» номинациялары бойынша – 2025 жылғы 19 сәуір күні офлайн форматта өтеді.
Байқауға 18 жастан 35 жасқа дейінгі республикалық және халықаралық байқаулардың, телевизиялық конкурстардың жеңімпаздары, Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер саласындағы оқу орындарының студенттеріне қатысуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, байқаудың ІІ кезеңіне әр номинация бойынша 10-нан аспайтын өнерпаз өтеді.
Қазылар алқасының құрамына Қазақконцерттіңәртістері және Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері кіреді. Олар қатысушыларды орындаушылық шеберлігі, сахналық бейнесі және әртістік шеберлігі критерийлері бойынша анықтайды.
Айта кетейік, байқауға өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 10 ақпаннан 25 наурызға дейін жалғасады.
Жеңімпаздарды марапаттау 2025 жылдың 20сәуір күні өтеді.
Өтінімдер электрондық поштаға жіберіледі:
– «Домбыра» номинациясы бойынша – dombyra@qazaqconcert.kz, + 7 747 555 4475
– «Қобыз» номинациясы бойынша – qobyz@qazaqconcert.kz,
+7 747 787 1386
– «Прима қобыз» номинациясы бойынша –prima_qobyz@qazaqconcert.kz, +7 775 826 7520
– «Шертер» номинациясы бойынша – sherter@qazaqconcert.kz,
+7 701 798 5090
– «Жетіген» номинациясы бойынша – zhetigen@qazaqconcert.kz,
+7 707 811 0630
– «Сыбызғы» номинациясы бойынша – sybyzgy@qazaqconcert.kz,
+7 705 421 9297
Анықтама телефондары: +7 701 913 31 60, + 7 747 787 13 86.