Қоғам
Салт-дәстүрді білесің бе?

Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №3 балалар кітапханасында №14 мектеп-гимназиясының 3 «ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Сен салт-дәстүрді білесің бе?» атты танымдық, этнографиялық сабақ өтті.
Оқушыларға қазақтын салт-дәстүрі туралы жан-жақты мағлұмат берілді . Шара барысында халықаралық ән байқауларында жүлделі орынға ие болып жүрген дарынды әнші балапан Айгерім Манапова ән шырқаса, оқушы қыздар қазақтын «Қамажай» биімен тамаша әсер қалдырды. Сондай-ақ ұлттық ойындар ойналып, балалар Наурызға қатысты түрлі жұмбақтардың шешімін тапты.
Балалардың танымдық-этнографиялық ой-сезімін оятуға бағытталған сабақ Наурыз батамен қорытындалды. Ең бастысы – бұл іс-шарадан оқушылар көңілденіп шықты.