Қоғам

Jibek Joly туристік пойызы кезекті сапарға аттанады

Көктемнің жарқын мерекесі – Наурызға орай Jibek Joly бағытындағы үшінші теміржол саяхаты басталады. 20-25 наурыз күндері туристер әз-Наурызды бірден екі елде – Қазақстан мен Өзбекстанда қарсы алады. Бұл жолы бағдар кеңейтіліп, Орталық Азияның ежелгі қалаларының бірі – Тараз тізімге қосылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Халықаралық тур Алматы, Түркістан, Ташкент, Самарқанд және Тараз қалаларын қамтиды. Бес күн ішінде саяхатшылар көне шаһарлардың атмосферасына еніп, Ұлы Жібек жолының рухани мұрасымен, екі елдің бай мәдениетімен танысады.

Этноауылдағы мерекелік іс-шаралар ұлттық дәстүрлер мен ерекше сән-салтанатқа толы болмақ:
Концерттік бағдарлама;

Дәстүрлі әдет-ғұрып көрсетілімі;

Ұлттық тағамдардан дәм тату.

Туристер нағыз шығыс қонақжайлығын сезініп, жайлы қызмет түрлерін ала алады:
кәсіби гидтің сүйемелдеуі;
заманауи вагондарда орналасу;
тамақтану;
экскурсиялық бағдарламалар.

Естеріңізге сала кетейік, Jibek Joly туристік пойызы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы алғашқы сапарын былтырғы қараша айында жасаған болатын. Бұл жобаға жергілікті туристер ғана емес, сондай-ақ Түркия, Қырғызстан, Украина, Ресей және басқа елдерден келген қонақтар да қызығушылық танытуда.

Бүгінгі таңда пойыз Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша екі сапар жасады. Наурыз мерекесіне арналған үшінші саяхатқа 350-ге жуық турист аттанбақ. Бұл теміржол турының саяхатшылар арасында жоғары сұранысқа ие екенін тағы да дәлелдейді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button