Елорда тынысы

Тасқынға – тосқын: 8 млн текше метрге жуық қар шығарылды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада су тасқынының алдын алу шаралары жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Шаһар басшысының сөзінше, биыл қыста қар мол жауған.

«Қыс мезгілінің басынан бастап қаланың коммуналдық қызметтері 7,8 млн текше метрден астам қар шығарды. Қалада су тасқынының алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр» деп мәлімдеді ол.

Қала басшысының ақпаратына сәйкес, жалпы алғанда, 65000 метр арық-науа желісі тазартылып, 27 мыңнан астам метр коллекторлар жуылды, сондай-ақ 1340 тоннадан астам тұнып қалған лай шығарылды. Жедел әрекет ету үшін азаматтық қорғаныстың арнайы тобы құрылды. Сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды қайта жаң­ғырту мен нығайтуға ерекше көңіл ­бөлінуде.

«Атап айтқанда, арнайы реттегіште Жібек жолы ауылы ауданындағы Есіл өзенінің 3,8 шақырымнан астам ескі арнасы тазартылды, сол сияқты Нұра өзеніне су бұру және су бұру арнасын салу жұмысы аяқталуға жақын» деп жазады қала әкімі.

Оның сөзінше, Майбалық көлінде ұзындығы 5,4 км жалғастырушы арна тазартылыпты.
«Бұл су бұру жұмысын жақсартуға және су тасқыны кезінде қаладағы жүйеге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді» деп мәлімдеді қала басшысы.

Елорда әкімінің хабарлауынша, су тасқынының алдын алу шаралары аясында өзен арналары мен арықтар тазартылып, кеңейтіліп жатыр.

«Алматы ауданындағы индустриалды паркте еріген қар суын өткізу қабілетін арттыратын Ақбұлақ арнасы тазартылып, айналма канал орнатылуда. Сонымен қатар Тельман ауданындағы су сорғы станция­сын қорғау шаралары жүргізіліп жатыр» деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button