Елорда тынысы

Senat Open басталды

Бас қалада екінші ашық кубок – Senat Open турнирінің іріктеу кезеңі басталды. Турнирге 120-ға жуық қатысушы жиналды. Олардың қатарында ардагерлер, мәслихат өкілдері, мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен қоғам қайраткерлері бар.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 35 үздік шахматшы анықталып, олар жарыстың жартылай финалында елорда намысын қорғайды. Турнирді Астана қаласының әкімдігі, қалалық мәслихат және шахмат федерациясы ұйымдастыруда.

«Мен алғашқы символдық жүрісті жасап, қатысушыларға сәттілік тіледім. Айта кетейін, алғашқы турнирдің жеңімпазы Астана командасы болған еді» дейді елордалық мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабден.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button