Қоғам

Елордада музыкалық флешмоб ұйымдастырылды

Қазақстанда Наурызнаманың онкүндігі аясында 18 наурызда Ұлттық киім күні тойланады. Осы мерекеге орай Е.Рахмадиев атындағы елордалық мемлекеттік академиялық филармониясының фойесінде флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Флешмоб ата-бабаларымыз киген ұлттық киімдерді кеңінен насихаттау, қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Флешмобқа филармонияның әртістері мен қызметкерлерінен құралған 200 адам қатысты.

Флешмоб аясында «Шалқыма» және «Әлем» би ансамбльдері қазақтың ұлттық билерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, «Шалқыма» халықтық би ансамблінің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдірасыл Есекеев қатысушыларға ұлттық би қимылдарын үйретіп, би өнерінің ерекшеліктерімен таныстырды.

«Бүгін халқымыздың мәдени мұрасына арналған ерекше күн. Ұлттық киім – қазақтың болмысын, ұрпақтар арасындағы байланыс пен келешекке жолдауымызды көрсететін баға жетпес байлық. Әрбір ою-өрнекте терең мағына бар, әрбір деталь ұрпаққа қалған мұра. Ғасырлар бойы ұлттық киім қазақтың салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарының символы болып келеді. Осындай мереке күні баршаңызға береке-бірлік, халқымыздың ұлы мұрасын сақтау мен насихаттауда табыс, шығармашылық шабыт тілейміз! Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, ата-бабамыздың асыл мұрасы әрқашан мақтаныш пен құрмет болып қала берсін», – деді Е.Рахмадиев атындағы филармонияның бас директоры Ерлан Дәкенов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button