Қоғам

Мерекеде елорданың медициналық ұйымдары қалай жұмыс істейді?

Мереке күндері елордалық емханалар мен ауруханалар әдеттегідей жұмыс істейді. Елордалық ауруханалар қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайтын болады. Резервтік мамандандырылған палаталарды бөлу арқылы жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық әзірлік қамтамасыз етілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында кезекші дәрігерлер сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Фильтр бөлмелері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді, қоңыраулар 8:00-ден 16:00-ге дейін қабылданады.

103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Тәулік бойы хабарламалар мен қоңыраулар қабылданады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button