Қоғам

Елордалық студенттер нео-фольклорлық стильдегі киім топтамаларын ұсынды

Бүгін елордадағы «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында Ұлттық киім күніне арналған нео-фольклорлық сән көрсетілімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара «Әсем fashion» қалалық байқауы аясында ұйымдастырылды.

Елордалық колледждердің студенттері дәстүрлі элементтерді заманауи сәнмен үйлестіре отырып, өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетті. Байқауға қатысушылардың топтамалары ұлттық дәстүрлер мен қазіргі сән үрдістерінің ерекше үйлесімін көрсетеді.

Іс-шарада шығармашылық байқаудың екі кезеңі өтті. Біріншісінде байқауға қатысушылар 60 минут уақытын сынық материалдардан сәнді бұйымдар жасауға арнаса, екіншісінде қазылар алқасына костюмдер ұсынды. Әрбір қатысушы өзінің шығармашылығы мен шеберлігін көрсетуге, сондай-ақ дәстүрді қазіргі заманмен үйлестіруге көңіл бөледі.

«Бұл – елордамыздың мәдени саясатының маңызды бөлігі. Біз ұлттық нақышты дамытуға ұмтылған жас дизайнерлерге қолдау көрсетеміз. Бұл қаламыздағы басты аспектілердің бірі, сонымен қатар студенттерге сән индустриясында дамуы үшін шығармашылық жұмыстарын көрсету мүмкіндігі», – деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова.

«Бұл шараның маңызды элементі материалмен жұмыс істеу қабілетін көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар сән бизнесінде жаңа жұлдыздардың танылуына негіз бола алатын шығармашылық әлеуетті ашу мүмкіндігі», – деп қосты ол.

Жиынға Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі, Менеджмент, бизнес және білім колледжі, Менеджмент колледжі, Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі, Кәсіптік-техникалық колледж және Технологиялық колледж сияқты елорданың орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.

Астана кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері тарихи киімдерге баса назар аударып, оның егжей-тегжейлі зерделеді.

«Біздің топтамалар дәстүрлі элементтер заманауи стильмен астасып жатыр», – дейді колледж оқытушысы Қарлығаш Әженова.

Айтуынша, өз жұмыстарында жеңіл маталарды, заманауи кестелер мен бас киімдерді қолданып, сұлулық пен заманауилықты үйлестірген қыз бейнесін сомдаған.

Сондай-ақ іс-шара барысында сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтары өткізілді, қатысушылар мен көрермендер аксессуарлар мен киімдерді жасаудың қыр-сырын меңгерді. «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» мамандығы студенттерінің жұмыстарының көрмесі қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды.

«Бұл алаң жас дизайнерлер үшін тігін және модельдеу саласындағы білімдерін көрсетіп қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін аша алатын тамаша бастама деп есептеймін. Бұл студенттерге өндірісте көзге түсіп, өз брендтерін шығаруға мүмкіндік береді», – деді Астана қаласы Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова.

Жиынның бір қызығы жеңімпаздарды марапаттау болды. Жүлделер арасында тігін машинасы, оверлокер және буландыру машинасы болды. Бұл жүлделер қатысушылардың еңбегі мен шығармашылығының жемісі ғана емес, сонымен қатар олардың сән дизайнындағы дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Іс-шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.9411:26

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button