Елорда тынысы

Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаев пен Әлия Молдағұлованың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Шамамен 20-жыл бұрын Санкт-Петербургтегі Жамбыл тұйық көшесіндегі скверде ұлы қазақ ақынының қолында домбырасы бар ұлттық киімдегі төрт метрлік мүсіні ашылды. Жақын жерде су бұрқақ бар, оның тас баспалдақтарында «Ленинградтықтар, балаларым!» өлеңінің жолдары жазылған. Бүгінде Жамбыл атамыздың ескерткіші Мемлекеттік қалалық мүсін мұражайының коллекциясына және Санкт-Петербургтің монументалды шежіресіне енеді, ал оның есімі Невадағы қала тарихының бір бөлігіне айналды.

ҚР Санкт-Петербургтегі Бас консулы Дмитрий Михномен, Қазақстаннан жоғары әскери академияларының тыңдаушыларымен, диаспора өкілдерімен, сондай-ақ студенттермен бірге атақты жерлестеріміз Жамбыл Жабаев атамыз бен Әлия Молдағұлованың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойдық. Сондай-ақ, Әлия Молдағұлованың №140 мектепте орналасқан мемориалдық мұражайына барып, қазақ халқының ұлы қызын бір минут үнсіздікпен еске алдық,- деп жазды Е.Каналимов.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button